Су тасқыны: 7 мың адам, 5 мың бала эвакуацияланды

Жаңалықтар
view 171
news

Фотосурет: видеодан кадр

Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның ішінде 5 мыңға жуық бала бар, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. 

Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды», - деп хабарлады облыстық штабтан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *