Су тасқыны басталғалы бері 102 мың адам қауіпсіз жерге жеткізілді
Фото: видеодан кадр
ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы сағат 10:00-дегі ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Су тасқыны басталғалы бері 102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала орналасты. 10 120 адам үйлеріне оралды. 9,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,7 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді.
Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 35 551 адам, 3 557 техника, 750 су сору құралы, 214 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған. Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 957 жеке тұрғын үй, 942 аула аумағы және 962 саяжай үйі су астында қалуда. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды, - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет етеді.
ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады.
Пікірлер (0)