Су тасқынымен күресуге ондаған мың волонтер атсалысуда - Президент

Жаңалықтар
view 256
news

akorda.kz

Су тасқынымен күресуге ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі кезінде айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.  

"Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Президент жағдай өте күрделі болса да, қиындықты міндетті түрде еңсеретінімізді, барлығын қалпына келтіретінімізді айта келіп, осы күресте белсене қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға алғысын айтты.

"Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *