Су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр
Жаңалықтар
208
Фото: БҚО әкімдігі
"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқынына қатысты деректерді жариялады, – деп хабарлайды janabastau.kz.
«18 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды», – деп жазды ведомстводан.
Қазір республикалық жолдардағы жағдайды реттеу үшін 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.
Пікірлер (0)