«Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген»: Атыраудағы трагедияға күдіктінің әкесі ел естімеген жайтты айтты

Жаңалықтар
view 476
news

Фотосурет: Аrasha.kz

Атырау облысындағы қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іске байланысты күдікті ретінде аталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі алғаш рет осы мәселеге қатысты пікір білдірді. "Qazaq Airan" тілшісі Айдана Мейрамбайқызы Жангелдин ауылына арнайы барып, күдіктінің әкесімен сұхбаттасты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Сұхбат барысында журналист Сұлтан Сәрсемәлиевтің әпкесіне қатысты тараған ақпаратты нақтылауға тырысты. 

"Аға, сіздің қызыңыз, яғни Сұлтанның әпкесі Сирияға барып келген дейді. Не себеппен барды?" – деген журналистің сауалына Самиғолла Сәрсемәліұлы:

"Оны күйеуі алдап алып кеткен дейді. Бала-шағасымен бірге алып кеткен. Қыдырамыз деген... Түркия арқылы кеткен сияқты. Сосын арғы жақта құжаттарын жоқ қып жіберген. Күйеу баламыз сол жақта қайтыс болған дейді. Қазір ол туралы әңгіме қозғамаймыз", – деп жауап берді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *