Тағдырдың сынағынан тауы шағылмаған шебер
Фотосурет: altainews.kz
Абылайхан Асылбайдың Семей қаласындағы шеберханасында табанды еңбек етіп келе жатқанына 25 жыл болды. Ол – тағдырдың сынақтарына мойымаған нағыз шебер, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол 1997 жылы ауыр жарақат алып, 3 жыл бойы төсекке таңылған. Дегенмен өмірге деген қызығушылығын жоғалтпай, өзін қолөнер ісіне арнады. Кейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ұстаз Даркембай Шоқпарұлынан тәлім алып, ұлттық өнердің қыр-сырын меңгерді.
Абылайхан Асылбай қарапайым материалдардан бірегей бұйымдар жасай біледі. Оның қолынан қазақ батырларының сауыт-саймандары мен қару-жарағы, тұрмыстық заттар мен әшекейлер қайта түлейді. Тіпті консерві қалбыры да оның қолында өнер туындысына айналады.
Айта кетсек, шебер 25 жыл бойы гаражының жартысын шеберханаға айналдырып, онда өз еңбектерін жасап қана қоймай, адамдарға да таныстырып келеді.
Пікірлер (0)