Тағы бір ер адам бас прокуратура алдында өзін өртеп жіберді
Жаңалықтар
385
Сурет: Ашық дереккөзден
Бішкектегі Бас прокуратура ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды janabastau.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы қырғызстандық белсенді Ырғалай Бекмұратова өзінің Facebook парақшасындажазды. Бекмұратованың айтуынша, өзін-өзі өртеп жіберген адам жылжымайтын мүлікпен байланысты әділетсіздікке наразы болған екен.
«Бұл менің көз алдымда болды. Ер адам Бас прокуратура ғимаратының жанында тұрды. Содан кейін ол өзіне қандай да бір сұйықтықты бөтелкеден құйып, мен оны шай деп ойладым. Кейін ол өзін өртеп жіберді», - деп жазды белсенді.
Пікірлер (0)