“Тағы да сериал бола ма?”: Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық соты да тікелей эфирде өтеді

Жаңалықтар
view 167
news

Сурет: Жоғарғы сот

Әйелін азаптап өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаев пен қылмысты жасырған Бақытбек Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша сот тағы да тікелей эфирде өтеді,- деп хабарлайды Janabastau.kz.Жоғарғы сот сот отырыстары тағы да онлайн өтетінін мәлімдеді.

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті. 11 маусымдағы қаулымен іс 2024 жылғы 26 маусым сағат 10.00-де қаралады. 


“Қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады”, – делінген хабарламада.


Еске салайық, 13 мамырда әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотталған еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *