Шерзатты өлтірген күдіктілер қай баптар бойынша жауап береді?
Жаңалықтар
330
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқанын айтты, – деп хабарлайды janabastau.kz.
Қазір сот санкциясымен қасақана кісі өлтірді деген күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам қамауға алынған.
«Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жердегі басқа да адамдардың қатысы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Жалпы, қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты», - делінген министрдің депутаттық сауалға берген жауабында.
Пікірлер (0)