Әмина Өмірзақованың ұлы Талас Өмірзақовтың естелігінен

Жаңалықтар
view 3069
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ата-анасы ертеректе қайтыс болғандықтан, әкем балалар үйінде тәрбиеленіпті. Анам екеуі алғаш бір түсірілім кезінде танысқан.

Әкем анам сияқты жоғары оқу орнында оқымаған. Бірақ анам «Мен Кәмәсиден көп нәрсе үйрендім» деп отыратын. Екеуі де театрда еңбек етті. Түнімен қойылымға дайындалып, таңертең ерте жұмысқа кететін.

Әкем 1965 жылы дүниеден өткен соң, анам жалғыз өзі бізді жетілдірді. Анамның арқасында тамағымыз тоқ, киіміміз таза болды. Мен де оқи жүріп жұмыс істедім.

Әпкеме оқуын аяқтауға көмектестім. Маған дейін ата-анамның егіз балалары болыпты. Анам «солар тірі болғанда ғой» деп кейінге дейін айтып жүрді. Бүгінде үшеуміз.

1940 жылғы Ләйлә деген әпкем Астанада тұрады. Одан кейін мен, 1945 жылы туғанмын. Інім Ескендір де бүгінде алпысқа келіп қалды. Мен анамның құрсағында жатып-ақ сахнада жүргенмін. Анам жүктілігін жұрттан жасырып, ішін тартып байлап алады екен. Кейін есейген соң анда-санда бұзықтық жасап қойсам, анама: «Мама, маған екіқабат кезіңде атқа отырып шаптың, секірдің. Енді менен не күтесің?» - дейтінмін қалжыңдап. Анам бәрібір менің адам болып шығатыныма сенетін.

Анам өнер жолын «Амангелді» фильміне эпизодтық рөлге түсуден бастаған. Анам театрда барлық рөлді ойнай алуымен ерекше болатын. Көбінесе ұл балалардың бейнесін сомдайтын. Соңғы ойнаған рөлі

- «Абай» қойылымындағы Абайдың әйелі Ділдәнің бейнесі. Сәбира Майқанова, Хадиша Бөкеевалар анамның жақын құрбылары болатын. Үшеуі көшеде қатар келе жатқанда жұрт анама қарай ұмтылса «Мына жерде менен үлкен Хадиша апай бар, алдымен сол кісімен амандас», - дейді екен.

TIMUR. KZZ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *