Пәтері жоқ дәрігер әкімдікті сотқа берді

Жаңалықтар
view 892
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Орал қаласының тұрғыны әкімдікті тұрғын үй берудегі әрекетсіздігі үшін сотқа берді, деп хабарлайды inbusiness.kz -ке сілтеме жасап.

"Мой город" басылымының мәліметінше ол әкімдік әрекетін заңсыз деп танып, мемлекеттік қордан пәтер беруін талап етті.

Сот әйелдің 33 жылдан астам дәрігер болып жұмыс істегенін және жеке баспанасының жоқтығын анықтады. Соңғы 15 жыл бойы ол қазір жалдау мерзімі біткен жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Бұған дейін тұрғын үй комиссиясының шешімімен дәрігерге мемлекеттік қордан қызметтік пәтер бөлінген. Алайда бүгінгі күнге дейін комиссия шешімі орындалмаған.

Сот отырысы барысында тараптар келісімге келді. Әкімдік әйелге 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін бір немесе екі бөлмелі пәтер беруге міндеттелді.

Бұл шешім орындалмаса, сот әкімдікке 50 АЕК немесе 184 600 теңге көлемінде айыппұл салуы мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *