Теміртауда 6 адам бір жігітті 3000 теңге үшін соққыға жықты

Жаңалықтар
view 336
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Теміртау қаласында алты адам бір жігітті соққыға жыққан. Салдарынан мұрны сынып, бас миы шайқалған, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Бұл туралы жәбірленушінің әпкесі әлеуметтік желіде жариялады.

«Кеше сағат 21:30-да інімді алты адам аяусыз соққыға жықты. Белгісіз адамдар оның үстіне секіріп, алтауы бірге бір адамды ұрды. Мұрнын сындырып, құлағынан қан аққан, бас миы шайқалып, саусағы мен тісі сынған. Олардың мақсаты — інімді тонау болды. Небәрі 3 мың теңге үшін осындай қатігездік жасады. Осы жағдаймен бөліскім келді, балаларыңызға қараңыздар», — деді жәбірленушінің әпкесі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицейлер күдіктілерді анықтап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Толығырақ ақпарат қосымша беріледі», - делірнген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *