Талғарда қайғылы оқиға болған көшеге Шерзат Полат есімі берілуі мүмкін

Жаңалықтар
view 99
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Адвокат Мейірман Шекеев Талғар әкіміне қаладағы Менделеев және Шота Руставели көшелерінің бірінің атауын бұзақылардың қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың құрметіне өзгертуді сұрап, өтініш білдірген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Шерзаттың атына көше берілсін! 16 жастағы Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелердің атаулары Менделлев және Русставели деп аталады. Екеуі де Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалалары емес. Кеңес үкіметінен қалып қойған. Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан бауырыма Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді. Неге ондай ойға келдім, ол туралы кейінірек түсіндіре жатармын. Ал сіздер қалай қарайсыздар, қолдайсыздар ма? - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың бір жылдық асы берілген болатын. Онда Мейрман Шекеев те болып, ол дастархан басында Шерзатты қоғамды оятқан адам деп атады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *