«Пышақ шығарған»: Алматыда сақалды жігіт автобус жүргізушісіне шабуылдады (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы жолаушылар автобусына қатысты тағы бір жол оқиғасы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.
Желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, белгісіз ер адам автобусқа жүргізуші жағынан келіп, агрессивті түрде одан шығуын талап еткен. Жүргізуші одан қорғану үшін пердені жаппақ болғанмен, әлгі адам әйнекті жұдырығымен ұрған. Өзге жүргізушілер оны автобусқа жақындатпауға тырысқан. Ал оқиғаны видеоға түсірген жолаушы әйел ер адамға «өз жолыңмен жүр» деп айғайлады.
Жағдай патрульдік полиция экипажы жеткен соң ғана ушықпады.
Ер адам – жеңіл көлік жүргізушісі. №120 автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті жағдай жасаған. Кейін автобусқа келіп, жүргізушіге шабуыл жасап, пышақ шығарған, - делінген видео сипаттамасында.
Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында болған.
Оқиға орнында автобус жүргізушісі мен жеңіл көлік жүргізушісінің арасында жол-көлік жағдайына байланысты жанжал шыққаны анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және апатты жағдай тудырғаны, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ведомство хабарламасында.
Пікірлер (0)