СҚО-дан мамонт қалдықтары табылды
Фотосурет: Madeniet Portaly
Солтүстік Қазақстанда мамонт сүйегі табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі MadeniPortal.kz сілтеме жасап.
Қозыбаев университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Анатолий Плешаков Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылы маңынан табылған бірегей жәдігерді – мамонттың жіліншігін көпшілікке таныстырды.
Бұл олжаны жергілікті тұрғын Әсет Шайкин балық аулау кезінде кездейсоқ тауып алған. Кейін сүйекті ғалымға тапсырған ол табылған аумақты бірлесіп зерттеуге мүмкіндік берді.
Анатолий Андреевичтің айтуынша, жәдігердің ұзындығы шамамен 1 метрге жетеді және ол жоғарғы палеолит дәуіріне (шамамен 15 мың жыл бұрын) тиесілі. Ғалым ежелгі жануардың басқа бөліктері де топырақ астында сақталуы мүмкін екенін айтады.

Келесі жылы осы аумақта сынақ қазбасын жүргіземіз. Егер қаңқа немесе құрал-саймандар табылса, бұл Солтүстік Қазақстандағы алғашқы палеолит ескерткіші болмақ, – деді археолог.
Айта кетейік, Анатолий Плешаков жетекшілік ететін археологиялық экспедиция құрамында ғалымдармен қатар Қозыбаев университетінің студенттері де бар. Биыл олар Ботай және Ақ-Ирий елді мекендерінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Келесі маусым ғалымдар үшін жаңа ғылыми жаңалықтарға жол ашпақ.
Пікірлер (0)