ҚМА танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу салып жатыр
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу салынды. Тиісті ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталына жарияланған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлы 10 қаңтардан бері іздестіріліп жатыр. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізді. Іс бойынша басқа ақпарат әзірге жарияланбайды.

Айта кетсек, блогердің Instagram-да 2,6 миллионнан аса, ал TikTok-та 340 мыңнан аса оқырманы бар. Ол контентінің көпшілігін өзге елдерде жүріп жариялайды. Қайсар Қамза өзін тревел-блогер ретінде таныстырады, сондай-ақ отандық фильмдерге де түскен.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның Үндістандағы сапары кезінде түсірілген видеолары қызу талқыға түскен еді. Кадрларда блогердің бейәдеп сөздер айтқаны және жергілікті тұрғындарға дөрекілік көрсеткені байқалып, көп пікірталас тудырған.
Пікірлер (0)