«Тәжірибе жинап алдым»: Мөлдір Мұқанова алдағы жоспарын жайып салды
Фото: ашық дереккөз
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова ажырасу туралы кино түсіруге кіріскенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол өзінің продюсерлігімен түсірілген алғашқы фильмінің жабық көрсетілімін өткізген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ер адамдар түсінсе екен...»: Мөлдір Мұқанованың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды (ВИДЕО)
Залға кіруге қатты қорқып, тығылып отырдым. Өйткені бұл алғашқы кино болғандықтан кемшіліктер болуы мүмкін. Тәжірибе жинап алдық. Келесі киноға идея көп. Осы жолы жай шет жағасын жеңіл-желпі көрсеттік. Енді келесіде қоғамдағы өте өткір тақырыпты алатын боламыз. Сценарий жазылып жатыр. Негізі елімізде соңғы уақыттағы статистикаға қарасақ, ажырасу көбейген. Осы тақырыпта кино түсіргім келеді. Сол кино арқылы ажырасудың саны азайса, кем дегенде бір 10% отбасына әсер ететін болсақ, соның өзі үлкен жетістік деп ойлаймын, - дейді Мөлдір Мұқанова журналист Ирина Тенге берген сұхбатында.
Пікірлер (0)