Тұмаудың асқынғанын қалай білуге болады
Фото: stolica58.ru
ДСМ-нің штаттан тыс бас балалар инфекционисі Динагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жіті респираторлық вирустың асқыну белгілерін атап, ЖРВИ асқынғанын қалай білуге болатынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Денсаулық сақтау министрлігі Гонконг тұмауы жаңа штамм емес екенін мәлімдеді
Гонконг тұмауының өршуі желтоқсанның ортасына дейін жалғасуы мүмкін – ДСМ
5 жасқа дейінгі балалардың ата-анасына мына симптомдарды білу өте маңызды. Кел келген инфекция кезінде бала тамақ пен су ішпесе, жағдайы нашарлап, дене қызуы дәрі ішкеннен кейін де түспей қойса, демігіп, қалтыраса, тоқтаусыз жыласа немесе ұйқыдан бас алмай, маужыраған күйде болса, міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуге негіз болатын белгі бар деген сөз. Бұл аурудың ауыр өтіп жатқаны деген сөз. Ал ұзаққа созылса, сырқаты асқынды деген сөз, - деді ол.
Оның айтуынша ЖРВИ асқынса, ағзаның бірнеше бөлігіне зақым келеді.
Асқыну әр түрлі бола алады. ЖРВИ кезінде тыныс жолдары сыр беріп, бронхиолит, бронхит, пневмония, құлақ бет сүйегінің мұрынға жалғасқан қуыстары қабынуы мүмкін. Тұмау болса, ми да, жүрек те, өкпе де, бүйрек те зақымдалуы мүмкін. Сондықтан тұмау мәселесін бүгін ерекше қарап отырған шығармыз, - деді маман.
Бұған дейін Астананың бас санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева А (H3N2) вирусының штамы (гонконг тұмауы) маусым сайын айналымда жүретін тұмау екенін айтқан болатын.
Пікірлер (0)