Тіл туралы заңға сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізілді

Редакция таңдауы
view 178
news

Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ММ-нің бас маманы мен «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің қызметкерлері мамырдың 29 күні Қосшы қаласындағы №1 мемлекеттік емхана және Тайтөбе ауылының медициналық пункті дәрігер мамандарына Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары бойынша әдістемелік көмек көрсетілетіндігі және Қосшы қаласы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-де мемлекеттік тілді оқыту курстары туралы ақпарат берілді. Алдағы уақытта медициналық нысандарға тұрақты түрде ақпараттық-әдістемелік жұмыстар жүргізілетін болады. Тілдің дамуы, өмір сүруі үшін ең басты шарт – сол тілде сөйлейтін адамдардың болуы. Сондықтан, тілдік ахуалды реттеуде халық арасында насихат жұмыстарын жасап, мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге атсалысуымыз қажет. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: Мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.  

janabastau.kz

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *