Қосшы қаласының тұрғыны бейтаныс адамның алдауына түскен

Редакция таңдауы
view 351
news

Қосшы қаласының тұрғыны алаяққа алданды. Оның атына 3 миллион теңгенің кредиті заңсыз рәсімделді. 10 мамырда қалалық полиция бөліміне 30 жастағы әйел арызданды. Оған белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банктің қауіпсіздік қызметі ретінде таныстырған. Сосын есепшоттағы күдікті операциялар туралы айтқан. Ақшаны сақтап қалу үшін AnyDesk қосымшасын, сондай-ақ, Еуразиялық банк пен Home банктің қосымшаларын орнатуды сұраған. Зәресі ұшқан әйел айтқанын орындаған. Ал алаяқ AnyDesk арқылы ұялы телефонына кіріп, қашықтықтан екі банктен 3 миллион теңгеге кредит рәсімдеп алған. Одан кейін барлық ақшаны бөгде біреудің атына ашылған есепшот арқылы шығарған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға кірісті.  

janabastau.kz

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *