Жатақхана тапшылығы қашан шешіледі?
Редакция таңдауы
123
Оқу жылы басталысымен қалаға білім алуға келген студенттердің қонар жер таппай пәтер жағалап жүретіні бар. Соңғы жылдары облыс орталығы Көкшетау қаласына оқуға келіп жатқан студенттердің қарасы еселеп артты. Ал өткен жылы қыркүйекте студенттердің біраз бөлігі шағым айтып та үлгерген.
Ақмола облысында өткен брифингте Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин осы мәселеге тоқталып өтті.
Шоқан Оразалиннің айтуынша, биыл және келер жылы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Жоғары техникалық колледж, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері жаңа жатақханаға қоныстанбақ.
“Студенттік жатақханаларда орын тапшылығын шешу үшін облыс орталығында 4 студенттік жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Жатақханаларда осы орындарды енгізу кезең-кезеңмен іске асады. 2023 жылы - 600 орын, 2024 жылы 600 орын қолданысқа беріледі", - деді басқарма басшысы.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)