Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Редакция таңдауы
view 152
news

Мамырдың 22 күні Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Әсет Мұқановтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде «Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қосшы қаласының су айдындарында оқыс жағдайдың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу  жайы талқыланды. Жеке кәсіпкермен коммуналдық жағажайды жайластыру және оны күтіп ұстау туралы келісім жасалды. Коммуналдық жағажай аумағын абаттандыру жұмыстары жеделдетілген қарқынмен жүргізілуде және шомылу маусымының басталуына қарай коммуналдық жағажайды іске қосу жоспарлануда. Жағажайға кіру тегін, аумақта сауда нүктелері, дәретханалар, киім ауыстыратын орындар, контейнерлік алаң, көліктерге арналған тұрақ қарастырылып, кірме жолдар жөнделеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *