«Тіс емдеуге» алған 200 млрд теңге: күдіктілердің элиталы көліктері мен үйлері көрсетілді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 67
news

Фотосурет: Қаржы мониторингі агенттігі

Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару ісі бойынша күдіктілер иемденген мүліктерді көрсеткен бейнеролик жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Атырау облысында зейнетақы жинақтарын заңсыз шешіп алудың ауқымды схемалары әшкереленген еді. Қаржы мониторингі қызметкерлері «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-нан қаржыны заңсыз алу үшін жалған медициналық құжаттар рәсімдеумен айналысқан 5 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін анықтады.

Бұл схеманы іске асыру үшін күдіктілер Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және өзге қалаларда 30-дан аса «стоматологиялық клиниканы» ашқандай көрсеткен.

Алайда іс жүзінде бұл медициналық мекемелер тек қағаз жүзінде болған:

  • ғимараттары мен жабдықтары болмаған;
  • білікті қызметкерлері жоқ;
  • басшылары мен құрылтайшыларының медициналық білімі болмаған.

Жалған медициналық құжаттарды рәсімдегені үшін күдіктілер зейнетақы жинақтарынан шешілген қаражаттың 10-20%-ын өздеріне алып отырған.

Фиктивті клиникалар мен 226 дроппер арқылы 200 миллиард теңгеден аса қаржы шығарылды. Салымшылардың ақшасына күдіктілер құны 600 миллион теңгеден асатын 15 элиталы автокөлік, сондай-ақ коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған, – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *