Демеу Жадыраев әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Жаңалықтар
view 28
news

Фотосурет: дереккөз

Демеу Жадыраев Сербияның өкілі Алекса Иличті жеңіп, Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Грек-рим күресінен ұлттық құрама көшбасшысы бастапқыда қарсыласынан ұпай жағынан қалып қойған еді. Бірақ тәжірибесінің арқасында Иличтің бір қателігін тиімді пайдаланып, 4 ұпай еншілеп, жекпе-жекті 8:6 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Ал өзге балуандарымыздың бұл кезеңде жолдары болмады. -55 келі салмақтағы Марлан Мұқашев әлемдік рейтингтің 4-сатысында тұрған румын Артём Делянудан ұтылса, -82 келі салмақтағы Альмир Төлебаев молдовалық Михаил Брадудан айласын асыра алмады. Сондай-ақ аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов украиналық Николай Кучмийге есе жіберді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *