Қазақстанда тағы бір мамандық иелерінің жалақысы өседі

Жаңалықтар
view 23
news

Фотосурет: janabastau.kz

Қазақстанда архив қызметкерлерінің еңбекақысына үстемақы қосу жөніндегі заңнамалық өзгерістер қабылданбақ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбай мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Депутаттың айтуынша, бұған дейін кейбір аймақта архившілерге үстемақы толық көлемде төленбеген. Мәселен, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында бұл төлем ішінара ғана іске асқан. Жаңа заң жобасы күшіне енген соң үстемақы барлық өңірде бірыңғай тәртіппен енгізілетін болады.

Енді ауылдар мен аудандарда қызмет атқаратын архив ісі мамандарының жалақыларына 25 пайыз көлемінде үстемақы заңды түрде бекітілетін болады. Сонымен қатар, ең маңызды екі норма қабылданып отыр. Бұл – Үкіметпен ұзақ әрі қызу талқылаудың нәтижесінде іске асып отырған шешім. Жұмыс тобының барлық депутаттары бұл бастаманы қолдады. Бізде елордада Ұлттық архив бар. Алайда оның атауы ғана «ұлттық» болғанмен, заң жүзінде мұндай статус берілмеген еді. Қазір бюджеттік комиссияның мақұлдауымен шамамен 500 миллион теңге қаражат бөлініп, Ұлттық архивке ресми мәртебе беру мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен бірге, Астанадағы Ұлттық архив қызметкерлерінің жалақысы 1 қаңтардан бастап 1,75 коэффициентке өседі. Нәтижесінде орташа айлық еңбекақы 200 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін жетпек. Дәл осындай ұлттық мәртебені Алматы қаласындағы орталық архив те иеленетін болады, – деді депутат.

Сондай-ақ Астанадағы Ұлттық архивтің мәртебесі заң жүзінде толық айқындалмағаны белгілі болды. Алдағы өзгерістердің арқасында бұл мекемеге ресми түрде ұлттық статус берілмек.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *