«Тойда жүргендей»: Мұрат Бисенбиннің жерлеу рәсіміне барған актерлер қатаң сынға қалды
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Актер Мұрат Бисенбин қатерлі ісіктен көз жұмған еді. Осыдан кейін марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне келген әріптестері – Жан Байжанов пен Саят Исембаев әлеуметтік желіде жарияланған видеолар мен стористерден кейін қызу талқыға түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Желі қолданушыларының бір бөлігі жерлеу кезінде фото-видео түсіріп, сторис салуды әдепке жат қылық деп бағалады.
«Адамды жерлеп жатқанда контент ойлау дұрыс емес», «Қайғыны жарияға айналдыру этикаға сыймайды», «Өлімнің де, азаның да өз орны бар» деген сарындағы пікірлер қалдырды көпшілік. Кейбірі мұндай әрекеттерді «хайп» пен «көрсетілім үшін жасалған қадам» деп сынады.
Алайда оларға қарсы пікір айтқандар да аз болмады.
«Достары марқұммен соңына дейін бірге болды», «Олар көмек сұрап, жан-жақтан қолдау іздеді», «Қазіргі заманда фото мен видео – өмірдің бір бөлігі» деп жазды.
Сонымен қатар кей желі қолданушылары «жерлеудегі түсірілімді актерлердің өздері емес, басқа адамдар жариялаған болуы мүмкін» екенін де алға тартты.
Пікірталас барысында бір тарап «этикет пен шекара болуы керек» десе, екінші тарап «қайғыны қалай өткізу – әр адамның жеке таңдауы» деген уәж айтты.
Осылайша, Мұрат Бисенбиннің қазасынан кейінгі жағдай қоғамда аза тұту мәдениеті мен әлеуметтік желідегі жауапкершілік туралы екіұшты көзқарасты тағы да күн тәртібіне шығарды.
Пікірлер (0)