Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты
Редакция таңдауы
222
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық сенбілікке қатысты, - деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Желілік саябақта "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы сенбілік барысында волонтерлермен және студенттермен әңгімелесті.
"Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан үйімізді таза ұстауымыз керек. Ағаш отырғызып, көшелерді тазалауымыз керек. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Бізде басқа ел жоқ. Сондықтан бәріңді жауапкершілігі мол азамат болуға шақырамын. Баршаңызға, әсіресе, еріктілерге алғыс айтамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сенбілікке қатысқандар 2 түп қарағай және 39 түп жөке көшетін екті.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)