Топжарған
Редакция таңдауы
319
Дәстүрлі түрде ұйымдастырлатын «Ақ бидай» XXXV жазғы Спартакиадасы 2023 жылдың 18-22 сәуір күндері жалғасын тапты. Жалпы, сайыс жыл сайын көшпелі керуен ретінде өткізіледі. Биыл спортшылар Степногорск қаласына жиналды. Спорттық шараға Ақмола облысындағы қала, аудан құрамалары қатысты.
Айта кетейік, жарыс қос кезеңнен тұрады. Алғашқы екі күнінде спортшылар волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, бокс пен мылтық атудан сынға түссе, екінші кезеңде еркін күрес, ауыр атлетика, үстел теннисі мен гір көтеруден жүлделерді сарапқа салады.
Спартакиаданың маңызы облыс төңірегіндегі спортшылардың шеберлігін шыңдау. Республикалық, халықаралық деңгейге көтерілетін таланты әрі шебер спортшыларды таңдауға ерік береді. Бұндай сайыстар өңірлік спорттың дамуына үлес қосады. Мүмкіндікке қол созсаң мүмкіндік пайда болатыны сияқты. Осы орайда, Қосшы қаласының жастары да қалыс қалған жоқ. Үкілі үміттерін арқалап спартакиадаға қатысты. Спорт түрлерінің ішінде қыздар арасындағы волейболдан жүлделі 3 орынға ие болды. Сондай-ақ сайыс нәтижесі бойынша 4 кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жеткен.
Бірініші кезекте Атбасар құрамасын 2-1 есебімен жеңсе, Көкшетау құрамасынан ұпай санымен жеңіліс тапты. Ал Бурабайдың волейболшы қыздарын тас талқан етіп, Степногорск құрамасына есе жіберді. Байрақты бәсекеде жігерін жасытпай, ел абыройын қорғаған спортшылардың қатарында Дамелия Жексенова, Алина Мухамбетова , Мадина Байтемірова, Диана Бекбулатова, Арай Әлім,Тахмина Базарханова, Валерия Юсупова болды. Алдағы уақытта болатын жарыстарда биік белестерді бағындыратыны сөзсіз. Қаламыздың намысын, туын жықпай қанжығамызға жүлде байлайтынына бек сенімдіміз.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)