Жанарымнан көктем күліп қарайды
Редакция таңдауы
421
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ағымдағы жылдың 18-21 сәуір аралығында Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында талантты жастар үшін «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ-2023» облыстық фестивалін өткізді.
«Cover-нұсқа» номинациясында 50 000 теңгелік ақшалай сертификат және жүлделі III орынды Көкшетау қаласы жоғары медицина колледжінен Жігітай Диаз және Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен келген Тұрсын Меруерт иеленсе, 80 000 теңгелік ақшалай сертификат және жүлделі II орынды Бурабай колледжінен қатысқан Жанат Жандосқа бұйырды. Бірінші орынды және 100 000 теңгелік ақшалай сертификатпен Көкшетау жоғары медициналық колледжінен Райхан Тоғанасова марапатталды. Ал гран-при атағына ие болған және 120 000 теңгелік ақшалай сертификатпен Біржан Сал музыкалық колледжінен қатысқан Екатерина Прямосудова жеңіске жетті.
«Тапқырлар алаңы» номинацияы бойынша 3 орынды және 50 000 теңгелік ақшалай сертификатты
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен «IT» командасы иеленсе, жүлделі 2 орынды және 80 000 теңгелік ақшалай сыйлықты Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы Көпсалалы колледжінен «Барыс» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз атағына ие болған және 100 000 теңгелік ақшалай сыйлықпен Гуманитарлық-техникалық академиясынан қатысқан «Остатки друзей Оушена» командасы марапатталды.
«Үздік мобилограф» номинациясында 50 000 теңгелік ақшалай сертификатпен және жүлделі
3 орынды жеңіп алған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Зарема Сапарова марапатталды. Осы номинация бойынша 2 орынды жеңіп алған Шағалалы ауылының Жоғарғы агротехникалық колледжінің студенті Алпысбай Нажмаддин 80 000 теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталды. Жүлделі 1 орынды иеленген Жоғары азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенті Альтаир Тюлюханов 100 000 ақшалай сыйлықты олжалады.
Енді, Көкшетау қаласында үш күн бойы жалғасқан байқаудың әділ-қазылар құрамына тоқталсақ:
Дастан Амангелдіұлы – Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының « Жастар-ресурстық орталығы» басшысы;
Наргиз Советқызы – «Қазақстан Аруы», «Мейірімділік Аруы – 2021» жүлдегері;
Найля Ибрагимқызы – «Көкшетау аруы» сұлулық байқауының өңірлік директоры. Beauty Kazakhstan байқауының вице-президенті. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының Көкшетау қаласы Аналар кеңесінің төрайымы
Зарина Өмірғалиқызы – «Көкшетау Аруы – 2022» жеңіпазы;
Сәуле Иманғалиқызы – Көкшетау қаласының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі төрелік жасады.
Рамазан Бауыржан
Пікірлер (0)