Балаларымыз көпқабатты үйлерден неге құлайды?
Редакция таңдауы
215
Жыл басынан бері балалардың көппәтерлі үйлердің терезесінен құлауына байланысты Астана, Шымкент және Балқаш қалалары бойынша 3 факті тіркелді. Сонымен бірге Қосшы қаласында биік үйдің терезесінен 5 жасар бала құлап, ауыр жарақат алған.
Мемлекеттік саясаттың мақсаттарының бірі – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты қоғамның, әсіресе ата-аналардың балалардың өмірі мен қауіпсіздгіне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігіне назар аудартқым келеді.
Облыста мүдделі органдардың қатысуымен көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету фактілерін болдырмау мақсатында 2023 жылғы 3-14 сәуір аралығында «Қауіпсіз терезелер» республикалық ақпараттық науқаны ұйымдастырылып, өткізілді.
Бірлескен күш-жігермен алдын алу сипатындағы профилактикалық жұмыс жандандырылды. Балалар мен ата-аналарға арналған «Ашық терезе – балаға қауіп!», «Ата-аналарға арналған кеңестер» және т.б. тақырыптардағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық нұсқаулықтар, жадынамалар буклеттер әзірленіп, таратылды. Әлеуметтік желілер, ата-аналар, студенттер мен оқушылар чаттарының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру видеороликтері мен сілтемелер орналастырылды. Білім беру мекемелерінде ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Жыл сайын өңірде көктемгі-жазғы кезеңнің басталуымен балалар жарақаты проблемасы өткір тұрады. Осыған орай, ата-аналарды сақтық шараларына ден қоюға шақырамыз.
Құрметті ата-аналар, біз сіздерге балаларды ашық терезелері бар бөлмелерде, тіпті қысқа мерзімге қараусыз қалдырмау туралы шұғыл талап қоямыз, өйткені бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.
Әдетте, құлау ересектердің бақылауы болмаған кездері жиі кездеседі. Балалар терезе төсенішіне өздігінен көтеріліп, оның жанында тұрған жиһаз бөлшектерін ұстап тұратын әйтпесе табан тірейтін тірек ретінде пайдаланады. Сөйтіп, ақылы толыспаған бала қауіпті сезбестен, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кетеді.
Заманауи пластикалық терезелерді орнату көптеген тұрмыстық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін тамаша практикалық шешім екені рас, бірақ көптеген модельдер балалардың қажетті қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтінін ұмытпаңыз. Балалардың құлап қалуының алдын алу үшін сақтықтың қарапайым ғана ережелерін сақтау сіздерге балалардың қауіпсіздігіне сенімді болуға мүмкіндік береді.
Балаңызды тірі қалдыратын бірнеше ережелерді есте сақтаңыз!
1. Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырған кезде болады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.
2. Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз.
3. Ешқашан москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Көбінесе, балалар осы торлармен бірге құлап кетеді.
4. Мүмкін болса, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
5. Балаңызға терезені бірнеше дюймден артық ашуға мүмкіндік бермейтін терезелерге арнайы бекіткіштер қойыңыз.
6. Терезе торларын салу арқылы терезелерді қорғаңыз. Торлар балаларды ашық терезеден құлап кетуден қорғайды.
7. Егер сіз балаңызға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз – оны әрдайым мықтап бекітіңіз, баланың кенеттен қозғалуына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз. Сіз оларды орнатумен айналысатын арнайы фирмаларға хабарласып, өзіңіздің терезеңізге сәйкес келетін түрін таңдай аласыз.
8. Егер сізде дәл қазір құлыптау және сақтандыру жабдықтарын орнату мүмкіндігі болмаса, бұрағышпен болттарды, бекітетін тұтқаларды оңай бұрап, қажет болған жағдайда пайдаланып, қолданғаннан кейін бірден алып тастай аласыз.
Балалар – біздің қазынамыз, еліміздің болашағы. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз-өздерін қорғай алмайтынын ешқашанда есімізден шығармауымыз керек. Бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою қажет. Осы бағыттағы балаларымыздың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау жолындағы жұмысқа бірлесіп атсалысайық!
Жадыра Ділдәбаева, Ақмола облысы білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)