Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама тарады
Экономика
248
Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Бұл жалған, - деп хабарлады stopfake.kz.
Төлемдер туралы мәтінде осы жылдың 1 мамырынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің мөлшері өскендігі, соның салдарынан зейнетақы 55 мың теңгеге дейін көтерілетіні жазылған. Бұл бұрмаланған ақпарат.
Айлық есептік көрсеткіш мөлшері Қазақстанда биыл 1 сәуірде артты. Осыған байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 20 191 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері – 48 038 теңгені құрады. (https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/mrp-i-projitochnyiy-minimum-vyirosli-v-kazahstane-468522/) Содан бері бұл көрсеткіштер өзгерген жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЕК-ті ұлғайту туралы жаңа жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми сайтында жоқ. (https://www.akorda.kz/ru) Сондай-ақ бұл туралы ақпарат ресми БАҚ-та да жарияланбаған.
Зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы жаңалықтар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да жоқ. Демек, тараған ақпарат – жалған.
Пікірлер (0)