Елімізде 1,3 миллион адам тойып тамақ ішпейді
Экономика
266
Биыл Қазақстанда тағамның құнарлы мөлшері бір жылда 9,2%-ға төмендеді. Былтыр жан басына шаққандағы тәуліктік рационда 3111 ккал болды, – деп жазады energyprom.kz.
Бұл дерек – 2016 жылы халық тұтынатын калорияны есепке алу енгізілгеннен бергі ең төмен көрсеткіш.
Нұр-Сұлтанда (жан басына шаққандағы тәуліктік рационда 2856 ккал), Шымкентте (2981 ккал), Маңғыстауда ( 3047 ккал) және Қызылорда (3081 ккал) облысында тағамның энергетикалық құндылығы орташа республикалық деңгейден де төмен.
2021 жылы ең жоғары калориялы тағамды Павлодар (4120 ккал) және Ақмола (3780 ккал) облысының тұрғындары тұтынған.
Ескерер жайт, ауыл мен қала арасындағы тамақтанудың калориялық алшақтық өсуде. Мысалы, егер 2020 жылы ауылдарда тұтынылатын тағамның энергетикалық құндылығы қалалық көрсеткіштен 20 ккал (3417 ккал қарсы 3437 ккал) асып кетсе, онда 2021 жылы айырмашылық 163 ккалға (3044 ккал қарсы 3207 ккал) жетті.
Ал энергетикалық құндылыққа ең төменгі қажеттілік жан басына шаққандағы тәуліктік рационда 1861 ккал болды. 2021 жылы тағамдық калория мөлшері рұқсат етілген ең төменгі деңгейден төмен тұтынушылардың үлесі – 6,7%. Бұл 2020 жылғы пандемиямен салыстырғанда айтарлықтай жоғары, себебі ол кезде тамақтанбағандардың үлесі 4,4% болды. Оның үстіне, мысалы 2016 жылы еліміздегі калорияларды жеткілікті мөлшерде тұтынбағандардың үлесі небәрі – 2,7%.
Қазақстанда тойып тамақ ішпейтін адамдардың саны бір жыл ішінде бір жарым есе өсті: 2020 жылғы 832,5 мың адамнан 2021 жылы 1,3 миллион адамға дейін.
Өңірлерде тойып тамақ ішпейтіндер бірден 89,5%-ға, 845,1 мың адамға дейін көбейіп, жалпы қала халқының 7,5%-ына жетті. 2020 жылы 4% еді. Ауылдық жерлерде саны 384 мың адам, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 18,7%-ға көп. Ал толық тамақтанбаған ауыл халқының үлесі бір жылда сәйкесінше 4,2%-дан 4,9%-ға өсті.
Пікірлер (0)