«Топырақ асты толы өлік»: «Айгөлек» журналы балаларға діни насихат жүргізіп жатыр ма
Фото: ашық дереккөз
Қоғам белсендісі, Facebook желісінде Төртуыл Шоқан есімімен танымал Нұржан Молдашев республикалық «Айгөлек» журналы балаларға «дінді сіңіріп» жатқанын айтып, журналист, басылым бас редакторы Қымбат Әбілдәқызын сынға алды, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның пікірінше, аузынан ана сүті кеппеген балаға «топырақ асты толы өлік» деп оқыту дұрыс емес.

Біздер «балаңды дұрыс тәрбиеле, замануи білім мен ғылымға бағытта» деп діңкеш ата-аналар мен шармаяқтасып жүрсек, «Айгөлек» журналы балалар жүрегіне «ислам нұрын» төтесінен төгіп жатыр екен ғой, ә?
Иә, бұл діни қисса ертегілердің «жақсысын» жазыпты.
Ал діни ұстанымды бойына әуелде «жақсы» деп сіңірген бала бұл діннің жаман жағын, яғни алтыншы парыз-өш алу мен, жетінші парыз—джихадты «ақиқат» деп санамай ма кейін?
Сосын, бесіктен белі шықпаған, аузынан анасы сүті кеппеген балаға «топырақ асты толы өлік» деп оқыту дұрыс па?
Мұһаммедтің қызы Фатиманы «Күйеуің Әли екеуің Абу Бакрды халиф деп мойындамадыңдар, ант бермедіңдер...» деп тепкілеп өлтірген озбыр Омар ибн Хаттабты «жеке шаруаң - мемлекеттің ісі емес, өзімнің май шамымды жағып қараймын» дегізіп балаға сіңіру адамгершілік пе?
«Айгөлек» журналы бас редакторы Қымбат Әбілдина «құдай алдында күнәлімін» десе, діни журнал ашсын да, жазсын ойындағысын.
Ал балаларға араптың озбырларын емес, қазақтың игі жақсылары тарихынан үзінділерді жазсын.
Мынандай «ілімге» тосқауыл қажет, ағайын! – деп жазды Нұржан Молдашев facebook-парақшасында.
Пікірлер (0)