«Қазір өкінемін»: Ләйлә Сұлтанқызы әйелдерге бала тууға кеңес берді

Жаңалықтар
view 178
news

Фото: видеодан скрин

Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдерге кеңес айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол жас қыз-келіншектерге өмірлік тәжірибесін бөлісті. 

Анам үнемі: “Қазір туатын уақыт. Бір келін кір жуады, бір келін ыдыс жуады, бір келін шаң сүртеді. Уақытында босанып ал, өзім қараймын”, – дейтін. Сол кезде тыңдамаған едім. Қазір шынымды айтсам, өкінем. Аллаға шүкір, ұлдарым аман-сау.

Жастарға айтарым: менің қателігімді қайталамаңдар. Жұмыс, мансап, білім ешқайда қашпайды. Қаласаңдар, бәрін қатар алып жүруге болады.

P.S. Суреттегі баланың бүгін тұсауын кестік. Оны эмбрион кезінен танимын, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *