Боранды күндер әлі алда: «Қазгидромет» үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады

Жаңалықтар
view 128
news

Фото: turanews.kz

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, ауқымды циклон Қазақстан Республикасының аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Осыған байланысты қар жаууы мен бұрқасын жалғасады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда бұрқасын болады.

Республика бойынша желдің екпінді соғуы сақталады: жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.

Температуралық фон да өзгереді: батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 аяздан 3-13 аязға дейін ауытқиды, күндіз 0-15 аяздан 3 аяз – 5 жылуға дейін көтеріледі.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта температура 7-15 аяздан 12-28 аязға дейін төмендейді, күндіз 5-15 аяздан 8-18 аязға дейін болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3-11 аяздан 5-20 аязға дейін төмендеп, күндіз 5 аяз – 2 жылудан 1-13 аязға дейін өзгеруі күтіледі, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *