Зеленский Украина НАТО-ға кіруден бас тартуға дайын екенін мәлімдеді

Жаңалықтар
view 131
news

Фото: aa.com.tr

Украина Президенті Владимир Зеленский журналистермен кездесуінде Киевтің НАТО-ға мүшеліктен бас тартуға дайын екенін, бірақ бұл қадам тек АҚШ, Еуропа, Канада және Жапония тарапынан нақты әрі заңды қауіпсіздік кепілдігі берілген жағдайда мүмкін болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Өте қауіпті әрі белгісіз жағдайда»: Зеленский Украинадан қашпақшы ма

«Қауқарсыз болса...»: Украина депутаты Зеленскийден отставкаға кетуді талап етті

Владимир Зеленскийді 4 белгісіз дрон аңдыған

Президенттің айтуынша, Украина әзірлеген жаңартылған бейбіт келісім жоспары нақты құқықтық міндеттемелерді қамтуы тиіс. Осы орайда Зеленский бұл тұрғыда декларативті уәделер емес, НАТО жарғысының 5-бабына тең келетін нақты кепілдіктер қажет екенін атап өтті.

Біз АҚШ пен Украина арасындағы екіжақты қауіпсіздік кепілдіктері туралы айтып отырмыз. Бұл кепілдіктер НАТО-ның 5-бабына ұқсас болуы керек. Сол сияқты бізге Еуропа елдерінен, Канада мен Жапониядан да осындай кепілдіктер қажет, – деді Зеленский.

Сондай-ақ ол Уашингтонның Украина ұсынған жаңа бейбіт жоспарға қатысты әзірге ресми жауап бермегенін, ал келіссөздердің табысы серіктестердің белсенділігі мен өзара түсіністігіне байланысты болатынын айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *