«Өте қауіпті әрі белгісіз жағдайда»: Зеленский Украинадан қашпақшы ма

Жаңалықтар
view 142
news

Фото: Emilija Jefremova/Reuters

Неміс саясаттанушысы Патрик Бааб Deep Dive YouTube арнасында жариялаған сұхбатында Украина Президенті Владимир Зеленскийдің қазіргі жағдайы күрделеніп, тіпті елден кетуді ойластыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қауқарсыз болса...»: Украина депутаты Зеленскийден отставкаға кетуді талап етті

Зеленский Ресейдің Киев облысына дейін шабуылды үдеткенін мәлімдеді

Владимир Зеленскийді 4 белгісіз дрон аңдыған

Оның сөзіне қарағанда, Зеленский бүгінгі таңда «өте қауіпті әрі белгісіз жағдайда» қалып отыр.

Зеленскийдің жалғыз амалы – америкалық арнайы қызметтердің көмегімен басқа мемлекетке жасырын түрде көшуі мүмкін, – деді ол.

Сондай-ақ Бааб украин қарулы күштерінің соғыстағы ахуалды түбегейлі өзгертуге қауқары қалмағанын жеткізді. Сондықтан Зеленский майдандағы сәтсіздіктердің салдарынан саяси жауапкершіліктен қашу үшін өзге елге кетуге мәжбүр болуы ықтимал.

Бұған дейін The National Interest журналы да ұрыс даласындағы тұрақсыздық пен үздіксіз қысым Зеленскийді Израильге көшуге итермелеуі мүмкін екенін жазған болатын.

Ал журналист Пол Стейган өз мақаласында АҚШ-тың Зеленскийден «құтылуды» ойлап жүргенін, себебі оның Уашингтонның Украинадағы қақтығысқа қатысты көзқарасын толық қолдағысы келмейтінін атап өткен.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *