Үстінен іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев түк болмағандай концертте ән айтып жүр (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 280
news

Фото: instagram.com/dossymzhan_tanatarov

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісін аяусыз ұрып-соқты деген күдікпен үстінен қылмыстық іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев Алматыдағы концерттердің бірінде әр айтып жүр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды деген ақпарат тарады

Әнші Мұқасан Шахзадаев жас әріптесін аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

9 желтоқсанда Алматыда ақын Олжас Отардың «Ауырмайды жүрек» атты шығармашылық кеші өтті. Әдебиет пен музыканы тоғыстырған бұл кешке қазақ эстрадасының бірқатар танымал әртісі қатысты.

Сахнада Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Қайрат Нұртас, Қанат пен Света Айтбаевтар, Тоқтар мен Бейбіт, Ернар Айдар, Әлішер Кәрімов және Абай Бегей өнер көрсетті. Сонымен қатар кеш барысында Мұқасан Шахзадаевтың да сахнаға шыққаны көрінді.

Ақын Олжас Отар Instagram-парақшасында Мұқасан Шахзадаевтың сахнада ән айтып тұрған сәтінен видео жариялаған.

Ал Досымжан Таңатаров өз сторисінде Мұқасанмен түскен суретін бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Қалай әріптес дейміз?!»: Ақбота Керімбекова Жанар Айжановаға ренжіп қалды (ВИДЕО)

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *