«Қалай әріптес дейміз?!»: Ақбота Керімбекова Жанар Айжановаға ренжіп қалды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/botakerim
Әнші Ақбота Керімбекова туған күніне қатысты видео жариялап, әріптесі Жанар Айжанованы «нашар адам» деп атады, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мыналар менің туған күнімді мүлде естен шығарған. Осыларды қалай әріптес дейміз? Біреуі де құттықтамады. Негізі нашар адамдар, – деп әзіл аралас өкпесін білдірді Ақбота Керімбекова.
Алайда видеоны соңына дейін көргенде Жанар Айжанованың оны туған күнімен құттықтап, 20 мың теңге сыйлық ұсынғаны көрінеді.
Еркелесек еркелігімізді, қалжыңдасақ қалжыңымызды көтеретін Жанардай әпке кімде бар? Әрине, бізде ғана! Сахнаға шығатын кезегіміз келгенше көптен кездеспеген әріптестермен қауышып, бір жасап қалдық. Зілі жоқ әзілімізбен сіздермен де бөлісіп қояйық, – деп жазған ол.
Пікірлер (0)