Риддердегі Мәңгілік алауда тауық қуырған ер адам ұсталды
Фото: видеодан скрин
Риддерде тәртіп сақшылары Даңқ обелискісіндегі Мәңгілік алауда тауық етін қуырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Риддерде Мәңгілік алауға тауық қуырғандар іздестіріліп жатыр
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, вандализм бойыша 31 жастағы жергілікті тұрғын күдікке ілінді. Оның жеке басын анықтау үшін полицейлер жақын маңдағы аудандарды тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, куәгерлерден жауап алған.
Бұзақы кешенді жедел іс-шаралар барысында ұсталды. Ол “Ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғынжайларды, ортақ пайдаланудағы орындарды, көлік құралдарындағы және басқа да қоғамдық жерлердегі мүлікті қорлау” бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады департамент өкілдері.
Ведомство барлық адамға тарихи ескерткіштер мен қоғамдық маңызы бар нысандарды құрметтеу керек екенін ескертті. Мұндай әрекеттер заңбұзушылық әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын атап өтті.
Пікірлер (0)