Бүгін еліміздегі қай жолдар жабық тұр
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде көлік қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының ескі айналма жолы» 143–214-шақырымында, Алматы облысы шекарасынан Қордай ауылына дейінгі учаскеде жүк автокөліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Алматы облысы
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 59–143 шақырымында, Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысы шекарасына дейінгі учаскеде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жетісу облысы
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 413-557 шақырымында, Сарқан қаласынан Үшарал қаласына дейінгі учаскеде;
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 323-387-шақырымында, Қызылағаш кенті – Жансүгіров кенті учаскесінде;
• «Үшарал – Достық» автожолының 10-164-шақырымында, Үшарал станциясынан Достық станциясына дейінгі учаскеде барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
• «Сарыөзек – Көктал» автожолының 40-68-шақырымында, Алтынемел асуында жүк және қоғамдық көлік түрі үшін қозғалысқа шектелді.
Маңғыстау облысы
• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 642-786-шақырымында, Шетпе ауылынан Ақтау қаласына дейінгі учаскеде;
• «Ақтау – Құрық» автожолының 13–72-шақырымында, Ақтау қаласынан Құрық ауылына дейінгі учаскеде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Пікірлер (0)