Әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды деген ақпарат тарады
Фото: ашық дереккөз
Әнші Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай қоғамда қызу талқыланып жатқан іске қатысты жаңа дерек айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әнші Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Әнші Мұқасан Шахзадаев жас әріптесін аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
Ғалымжан Сүлейменге ота жасалғаны, ол ауруханада жатқаны белгілі болды.
Кеше полиция (Мұқасанды - ред.) таппай жатыр деп хабарлап едік. Қазір ұсталды. Жедел тергеу әрекеттері басталды. Оған Ғалымжан мырза екеуміз де қатысуымыз керек, яғни беттестіру деген сияқты іс-шаралар. ...Қасақана мотивпен, алдын ала сөз байласу арқылы денсаулыққа зиян келтірілгенін, бірнеше күн бойы оның жауапкершіліктен қашып жүргенін ескерсек, міндетті түрде түрме жазасы болуы керек. Біз соны талап етеміз, - деді ол.
Пікірлер (0)