Елена Рыбакина жаңа атаққа ие болды

Жаңалықтар
view 13
news

Фото: WTA

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) қазақстандық Елена Рыбакинаның биылғы жетістігі туралы Instagram-дағы ресми парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Алға, Қазақстан!»: Елена Рыбакина жанкүйерлеріне алғыс айтты

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде үздік атанды

Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады


Қауымдастық мәліметіне қарағанда, Елена Рыбакина 2016 жылдан бері алғашқы болып бір маусымда 500-ден астам эйс жасаған теннисші атанып отыр.

2016 жылдан бері бір маусымда 500-ден көп эйс жасаған алғашқы теннисші - Елена Рыбакина, - деп жазылған WTA жариялаған ақпаратта.

Бұдан бөлек, жазбамен бірге жарияланған суретте WTA Елена Рыбакинаны «эйстердің ханшайымы» деп баға берген.

Айта кететін жайт, Елена Рыбакина WTA нұсқасы бойынша «жылдың үздік ойыншысы» аталымындағы басты үміткерлер қатарына енген. Ол жақында ғана теннис тарихындағы ең ірі жүлде қоры бойынша рекордты жаңартып, Гиннес рекордтар кітабына есімі енді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *