Тоқаев бірқатар судьяны тағайындап, бірнешеуін қызметінен босатты (ТІЗІМ)

Жаңалықтар
view 54
news

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 10 қарашада «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары, алқалар төрағасы және судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Көлікті мас күйде жүргізген: Бас прокуратура судьяны жазалау үшін Тоқаевтың келісімін сұрады

Төраға лауазымына тағайындалды:

Алматы қаласы бойынша:

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Раисов Тимур Төлегенұлы;

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа — Нұрбеков Айбар Баймаханұлы.

Ақмола облысы бойынша:

Сандықтау аудандық сотына — Садырмекова Арайлым Тәліпбекқызы;

Степногор қалалық сотына, осы облыстың Бурабай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып – Қалиасқарова Салтанат Жақыпқызы.

Ақтөбе облысы бойынша:

Ақтөбе қаласының № 2 сотына — Ізбағамбетова Сандуғаш Жақиянқызы;

Әйтеке би аудандық сотына, осы облыстың Темір аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Бертанов Талғатбек Батырбайұлы.

Атырау облысы бойынша:

Мақат аудандық сотына — Орыспаев Құрмет Орыспайұлы.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Ақжайық ауданының № 2 аудандық сотына, осы облыстың Сырым аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Ғұмарова Тамара Сәлімжанқызы;

Бөкей ордасы аудандық сотына, осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Шыңғалиев Марат Энгельсұлы;

Орал қаласының № 2 сотына — Сұханова Гүлдану Ибрайқызы.

Қостанай облысы бойынша:

Әулиекөл аудандық сотына — Оспанова Балжан Қайыргелдинқызы;

Қамысты аудандық сотына, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Ертаева Ғалия Қайырқанқызы;

Қостанай қалалық сотына — Сәдуақасов Жұмабек Майхибинұлы.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Шал ақын ауданының мамандандырылған ауданаралық сотына, Петропавл қаласының № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Омаров Рүстем Қошқарұлы.

Түркістан облысы бойынша:

Ордабасы аудандық сотына, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Сатыбалдиева Айжан Құлманқызы.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Жүнісова Жанат Ниетқабылқызы;

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Жақсыбекова Нұргүл Айтбекқызы.

Судья лауазымына тағайындалғандар:

Астана қаласы бойынша:

Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Дулат Қайдарұлы Бурабаев, Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Назгүл Ерқанатқызы Ибраева, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Арайлым Қадылбекқызы Қалиева, Қарағанды облысының Балқаш қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Ақмарал Хакимқызы Әлиева, Ақтөбе облысының № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Данияр Төлендіұлы Жүнісов, Қостанай облысының Қамысты аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына — Әсел Ерланқызы Қиянбекова, Ұлытау облысының Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Асламбек Киікбайұлы Көшенов, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Айда Сапарбек, Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып.

Алматы қаласы бойынша:

Бостандық аудандық сотына — Мират Қайратұлы, Алматы облысының Қарасай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Ардақ Бауржанқызы Ахметова, Алматы облысының Қарасай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Рамшит Нұрғабилұлы Әбдіқаниев;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Дария Оразәліқызы Жолболдиева, Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Медеу аудандық сотына — Қанат Амангелдіұлы Әметқұлов.

Абай облысы бойынша:

Бородулиха аудандық сотына — Нұрсұлтан Николаевич Амарханов;
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Меруерт Сәкенқызы Тұрысбекова.

Ақмола облысы бойынша:

Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына — Әмір Хафизұлы Жәшібеков;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Камила Қадыржанқызы Дүйсенова.
Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе қалалық сотына — Динара Абзалқызы, Алина Ерболқызы Ізбасова;
Ақтөбе қаласының № 2 сотына — Жаслан Мұратұлы Қайболдин, Нұршат Жеделбайқызы Қалиева;
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына — Индира Асылханқызы Исмаилова, осы облыстың Қобда аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып.

Алматы облысы бойынша:

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына — Эльмира Сансызбайқызы Садыхова;

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Азат Асқарұлы Рамазанов, осы облыстың Қарасай мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Диас Манатұлы Ғалымов.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Саяхат Ануарқызы Тәкеева;

Орал қаласының № 2 сотына — Данияр Рамазанұлы Рамазанов.

Жамбыл облысы бойынша:

Қордай аудандық сотына — Кеніш Ілесұлы Ысқақов;

Тараз қалалық сотына — Инара Базылбекқызы Әлімқұлова;

Тұрар Рысқұлов ауданының сотына — Қали Әуелбекұлы Қамбарбек.

Жетісу облысы бойынша:

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Азат Нұрболұлы.

Қарағанды облысы бойынша:

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 сотына — Анар Саматқызы Хасенова, осы облыстың Нұра аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып.

Қостанай облысы бойынша:

Әулиекөл аудандық сотына — Елена Анатольевна Симиютина.

Қызылорда облысы бойынша:

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына — Айгүл Әуелбекқызы Аблаева;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Олжас Исаұлы Әбдуқаликов, осы облыстың Қызылорда қалалық әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып.

Маңғыстау облысы бойынша:

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Мәншүк Мұхамедқызы Жұмаева, осы облыстың Қарақия аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Мұнайлы аудандық сотына — Ерсін Айтбайұлы Қазиев.

Павлодар облысы бойынша:

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Әлия Шорманқызы Сейілғазинова, осы облыстың Екібастұз қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Лаура Ильдусовна Кочерга.

Түркістан облысы бойынша:

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Есбол Жүнісәлиұлы Әбдіраманов, осы облыстың Кентау қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Берік Полатбекұлы Құрамысов, осы облыстың Кентау қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Сайрам аудандық сотына — Асхат Өмарқұлбекұлы Бегалиев.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Күршім аудандық сотына — Думан Сарсенбекұлы Мизимбаев;

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Әсел Еділқызы Тәкенова-Шәкіртова;

Риддер қалалық сотына — Эльвира Құмарбекқызы Жансұлтанова;

Тарбағатай аудандық сотына — Тәтімбеков Данияр Төлегенұлы.

Қызметінен босатылғандар:

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ибраев Алмас Серікұлы — отставкаға шығуына байланысты;

Алматы қалалық сотының судьялары Исабаева Ақмарал Ахмеджанқызы, Молдашев Қанат Чадиұлы, Мырзакәрім Рүстем Мырзакәрімұлы — отставкаға шығуына байланысты;

Атырау облыстық сотының судьясы Нұржанова Бағила Баймұратқызы — отставкаға шығуына байланысты;

Қарағанды облыстық сотының судьялары Нұрбек Абдыманапұлы Аманжолов және Бақытжан Қошқарбайұлы Маймақов — отставкаға шығуына байланысты;

Павлодар облыстық сотының судьясы Нұрлан Саматұлы Ибраев — отставкаға шығуына байланысты;

Астана қаласы бойынша азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Сәулет Майданқызы Ысқақбекова — отставкаға шығуына байланысты;

Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының судьясы Айсара Сәтқызы Жілкібаева — зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

Шымкент қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Ғалым Қалижанұлы Қалдаров — Судьялық жюридің шешіміне сәйкес, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін;

Сол қаладағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Мақсат Ғанибекұлы Мыстаев — отставкаға шығуына байланысты;

Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Берік Әкішханұлы Қожахметов — өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты лауазымынан босатылып, осы соттың судьясы болып қалдырылды;

Ақмола облысы бойынша Жарқайың аудандық сотының судьясы Гүлмира Маратқызы Сағынова және Көкшетау қалалық сотының судьясы Сержан Ақылбайұлы Қожамұратов — өз еркімен;

Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Рүкия Қартқұлқызы Ясарова — зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

Жетісу облысы бойынша Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Садықұлы Шаймерденов — соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеніне байланысты;

Қостанай облысы бойынша межрайондық соттың судьясы Жұмаш Рамазанұлы Жарасбаев — өз еркімен;

Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Жауымбайұлы Шайдуллин — соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеніне байланысты;

Түркістан облысы бойынша Қазығұрт аудандық сотының судьясы Нұржан Амзебайұлы Жұмабаев — отставкаға шығуына байланысты;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Сәлік Қанатұлы Оразбаев — басқа жұмысқа ауысуына байланысты.

Президенттің жарлығы биыл 10 қарашадан бастап күшіне енді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *