Көлікті мас күйде жүргізген: Бас прокуратура судьяны жазалау үшін Тоқаевтың келісімін сұрады
Фото: astana.sud.kz
Бас прокуратура Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаеваны әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ұсыным жолдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі КазТАГ-қа сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Мәжіліс депутаты мас күйде көлік жүргізген судья туралы пікір білдірді
Астанада судья Әсел Досаева көлікті мас халде жүргізген
«Судья Әсел Досаева көлікті мас халде жүргізген»: Астана соты пікір білдірді
Бас прокуратура Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 873-бабына сәйкес мемлекет басшысының атына судья А.К. Досаеваны көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ұсыным жолдаған.
Бұл ұсыным “Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі туралы” заңның 3-бабына сәйкес Жоғары сот кеңесінде қаралады, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Конституцияның 79-бабының 2-тармағына сәйкес, судьяны қылмыс үстінде ұсталған жағдайларды қоспағанда, Жоғары сот кеңесінің қорытындысы негізінде президенттің келісімінсіз әкімшілік жазаға тартуға немесе қылмыстық қудалауға болмайды.
Пікірлер (0)