Димаш Құдайберген Британияның «The Upcoming» журналына сұхбат берді

Жаңалықтар
view 97
news

Фото: theupcoming.co.uk

Әлемге әйгілі әнші, композитор әрі мультиинструменталист Димаш Құдайберген Лондондағы жеке концерті қарсаңында Ұлыбританияның мәдени басылымы «The Upcoming» журналына сұхбат берді. Ол өз шығармашылығындағы мәдениеттер тоғысы, жаңа жобалары және халықаралық сахнадағы тәжірибесі туралы айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Музыка – бәріміздің ортақ тіліміз»

Димаштың пікірінше, музыка – тіл мен мәдениет шекарасын жоятын әмбебап құрал. Ол әр тыңдарман өз жүрегіне жақын әуен таба алатын концерттік бағдарламалар жасауға тырысатынын атап өтті. Әртіс үшін жанрлық шектеу жоқ: оның шығармашылығында опера, поп, рок, фольклор және заманауи бағыттар тоғысады.

Мен өз өнерімді белгілі бір қалыпқа сыйғызуға тырыспаймын. Керісінше, түрлі жанр мен мәдениетті біріктіріп, халықтардың рухани байланысын көрсетуге ұмтыламын, – деді әнші.

Димаш Лондондағы әйгілі жеке концертін өзінің шығармашылық жолындағы жаңа белес деп санайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Димаш Құдайберген қашан үйленетінін айтты

 «Маскадағы адам» – Димаш Құдайберген...»: Журналистің жазбасы қызу талқыға түсті

Димаш Құдайберген Мысырда өтетін «The Pyramids Echo» фестивалінде ән шырқайды

Әнші сұхбатта тіл мен мәдени айырмашылықтарға қарамастан, көрерменмен байланыс орнату оңай екенін де атап өтті:

Музыка – бәріміздің ортақ тіліміз. Ән шырқай бастаған сәттен-ақ барлық кедергілер жойылады, – дейді Димаш.

«Менің мақсатым – туған елімнің сұлулығын жеткізу»

Сондай-ақ ол 2026 жылы жарық көретін «Voice Beyond Horizon» атты алғашқы продюсерлік жобасы туралы айтты. Қытайдың Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бұл жоба халықаралық әртістерге Қазақстан мәдениетін өз көкжиегі арқылы танытуға мүмкіндік береді.

Менің мақсатым – көрерменнің жүрегіне туған елімнің сұлулығын жеткізу, – деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген CNN телеарнасына сұхбат бергенін жазған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *