Димаш Құдайберген Мысырда өтетін «The Pyramids Echo» фестивалінде ән шырқайды

Жаңалықтар
view 31
news

Фото: Dimashnews.com

Биыл 30 қарашада Димаш Құдайберген Мысырдағы Гиза қаласында орналасқан «Pyramids Panorama» алаңында өтетін «The Pyramids Echo» фестиваліне қатысады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

Бұл фестиваль әлемге әйгілі оркестрлер мен солистерден бастап, заманымыздың рухын айқындайтын бірегей орындаушыларды бір арнаға тоғыстырады. Мұнда көрермендер музыка шеңберінен шығып, түрлі өнер мен мәдениеттің тоғысқан ерекше қойылымдарын тамашалай алады.

Жаңа буынға шабыт беруді, қызығушылық пен музыкалық өнерге деген терең түсінікті арттыруды мақсат еткен «The Pyramids Echo» жай ғана фестиваль емес, ол — ілгері қадам, жаңа көзқарас. Бұл жоба музыканы тек көңіл көтерудің құралы ретінде емес, тарихтың жаңғырығы, білімнің бастауы және болашақтың дәстүрі ретінде танытуды көздейді.

Бұған дейін Барселонада концертіне орай Димаш Құдайбергеннің суреті қоғамдық көліктерге ілінгенін жазған едік.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *