Туыстары жындыханаға жатқызып тастаған әйелдің дені сау болып шықты
Фото: Видеодан алынған скрин
Алматыдағы психикалық денсаулық орталығына түскен ақтөбелік әйел үйіне шығарылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, әйел адам 2026 жылдың сәуір айына дейін бақылауда болады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Көмектесіңдерші!»: Ақтөбеде бес баланың анасын туыстары жындыханаға жатқызып тастаған (ВИДЕО)
Бес баланың анасы Жұлдыз Тлеуф 9-22 қазан күндері аралығында Алматыдағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында жатты. Орталықтан шыққан кезде анықтамада «дені сау» деп көрсетілген.

2025 жылдың сәуір айында күйзеліске ұшыраған деп емдеу орнына жатқызылды. Яғни сол кезде күйзеліске ұшыраған. 2017 жылы дәл осындай жағдай болған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес пациент 2026 жылдың сәуір айына дейін бақылауында болады. Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы 9-22 қазан күндері бақылауда болған пациентке «дені сау» деген диагноз қойды, – делінген хабарламада.
Пікірлер (0)