Тоқаев: Егемендік туралы декларация – мемлекеттігіміздің берік арқауы

Жаңалықтар
view 27
news

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Республика күніне орай өткен салтанатты жиында Егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығы ел дамуындағы ерекше маңызын атап өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Президенттің айтуынша, мұндай декларациялар көптеген елдердің тарихында ұрпақтан ұрпаққа беріліп, азаматтық сана мен ұлттық бірегейліктің мызғымас негізіне айналады.

Көптеген елдің тарихына қарайтын болсақ, мұндай құжаттар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы сақталады, азаматтық сана-сезімнің мызғымас негізі ретінде қызмет етеді. Сондықтан Егемендік туралы декларация – мемлекеттігіміздің берік арқауы, халқымыздың жарқын болашаққа ұмтылысының айқын көрінісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміз егемендігін жариялаған алғашқы күннен бастап мемлекеттілікті нығайту мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолынан айнымағанын, бұл бағыттың ел дамуы үшін ең дұрыс стратегия екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Президент еңбек адамының рөлін айрықша бағалап, қоғамда адал және бәсекеге қабілетті азаматтарға құрмет көрсету мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын айтты.

«Еңбек – берекенің бастауы» деп бекер айтылмаған. Біз адал, бәсекеге қабілетті азаматтарға әрдайым құрмет көрсетіп, қолдауымыз керек. Жұмысшы мамандарын қадірлейтін қоғам құру маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, Тәуелсіздікті нығайта түсу баршамызға ортақ қасиетті борыш екенін айтқан болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *