Тоқаев Корея президентін осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Жаңалықтар
view 236
news

Сурет. Ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтаған.

«Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді», - деп жазады Ақорда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *